Атырауда жауған жаңбыр жұртты қорқытты (ВИДЕО)

Атырауда жауған жаңбыр жұртты қорқытты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде атыраулық азамат өздерінің қаласында жауға жаңбырдың басқаша екенін айтып, жұртшылыққа сұрау салды деп жазады Democrat.kz.

"Наурыздың 24-і күні жауған жаңбыр мүлде басқаша. Бізде қазір жауын құйып тұр. Бірақ анықтап қарасақ, жаңбыр суы басқашалау, езілген балшық сияқты. 

Үстіміздегі киімдерді ағал-жағал, айғыздап тастады. Кәдімгі жаңбырға киім бұлай былғанбайды ғой. Ал мынау жаңбыр шаңмен аралас па, бірдеңе" деген атыраулық азамат "бұл не" деп жұртқа сұрау салды.

Тараған видеоға қатысты жұрт "улы жаңбыр болуы мүмкін", химиялық жаңбыр ғой", "иә, менің де үстім солай балшық болып, үйге келдім", "Теңізде де солай болды", "жақсы емес" десіп пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар