Атыраудағы жоғалған отбасы туралы көріпкел Айгүл Бердіғалиева әлеуметтік желіде жаңа дерек келтірді, деп жазады Democrat.kz.
Ол қыз баланың да денесі үй маңында екенін айтты.
«Кеше қаралы хабарды естідім, иманды болсын. Менің көруімше, қыз бала да сол маңда. Қазір үш адамды көріп тұрмын. Ал ер балаға қатысты нақты ештеңе айта алмаймын», – деді ол.
Еске салайық, екі ай бойы жоғалып кеткен ерлі-зайыптылардың кеше мәйіттері табылған еді. Ұлы мен қызы туралы әзірге нақты мәлімет жоқ.