Әуежайда 114 капсула апиын жұтып, елге кірмек болған шетел азаматы ұсталды

Әуежайда 114 капсула апиын жұтып, елге кірмек болған шетел азаматы ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.

ҰҚК мәліметінше, 2026 жылдың сәуір айынан бері есірткі жеткізудің 9 халықаралық және 2 өңірлік арнасының жолы кесілген. Сондай-ақ бір фитозертхананың қызметі тоқтатылған.

Ақтау әуежайында асқазанын салмағы 1 келі болатын 114 капсула апиын жұтып, елге кірмек болған шетел азаматы құрықталды. Ал елорда әуежайында Оңтүстік Азия елдерінің бірінен 12 келі гашиш майын әкелген қазақстандық ұсталды.

Ал Астана әуежайында Оңтүстік Азия елдерінің бірінен 12 келі гашиш майын жеткізген Қазақстан азаматы қолға түскен.

Бұдан бөлек, құқық қорғау органдары «көкнәр сабағын» контрабандалық жолмен тасымалдап, таратумен айналысты деген күдікке ілінген тұрақты қылмыстық топтың әрекетін тоқтатқан. Тергеу мәліметінше, күдіктілер осы шикізаттан есірткі өндірген болуы мүмкін.

ҰҚК дерегіне сәйкес, операциялар нәтижесінде:— 3,4 келі апиын;— 9 келі гашиш;— 11,4 келі синтетикалық есірткі;— 18,5 келі гашиш майы;— 26,4 келі марихуана;— 110 грамм кокаин;— 20 тонна көкнәр сабаны;— 150 литрден астам прекурсор тәркіленген.

Аталған құқық бұзушылықтарға қатысы бар деген күдікпен Қазақстанның 23 азаматы және 3 шетелдік ұсталды. Қазіргі уақытта барлық факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар