Аулада ойнап жүрген баланы түйе таптап тастаған.

Аулада ойнап жүрген баланы түйе таптап тастаған.

Атырау облысында көпқабатты үйдің ауласында ойнап жүрген баланы түйе таптап тастаған. Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді, - деп жазады Democrat.kz. сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жылыой ауданы әкімдігі мәліметінше, оқиға 26 қазанда Құлсарыдағы 3-ықшамауданда болған. Алайда оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде 29 қазанда тараған. Кадрларда баланың түйеден қашпақ болып жүгіріп бара жатқаны, бірақ сүрініп құлап, жануардың астында қалғаны көрінеді.

"Зардап шеккен балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді, қазір ол травматология бөлімінде ем алып жатыр", – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Түйе арнайы оқшауланған алаңға қамалған. Қазір билік жануардың иесін анықтауға тырысып жатыр.

Барлық жаңалықтар