Ауыл шаруашылығының министрінің ұлы әкім орынбасары атанды

Ауыл шаруашылығының министрінің ұлы әкім орынбасары атанды

Ақмола обл Шортанды ауданы әкімінің жаңа орынбасары болып ҚР қазіргі Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың ұлы, 30 жастағы Айсұлтан Сейпелов тағайындалды деп жазады Democrat.kz.

Жас шенеуніктің мемлекеттік қызметтегі мансабы күрт өскенін байқауға болады: 2026 ж. маусым айында ғана ол облыстық әкімдікке агроөнеркәсіптік кешен бағдарламалары бойынша бас маман болып жұмысқа орналасса, арада небәрі бір ай өткенде аудан әкімі орынбасарының лауазымына тағайындалды.

Оның бұған дейінгі тәжірибесіне қарайтын болсақ, жаңа қызметі қисынды көрінеді: мемлекеттік қызметке дейін Сейпелов анасы ресми түрде басқаратын отбасылық шаруа қожалығында алты жыл бойы басқарушы директор болып еңбек еткен. Ал аудандық әкімдіктегі жаңа қызметінде ол дәл осы ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Алайда қызмет бабында мұндай тез өрлеу мен отбасылық бизнестің болуы қоғамда орынды сұрақтар туындатып отыр. Соның ең бастысы Ауыл шаруашылығы министріне бағытталады: тұтас елдің аграрлық саясатына жетекшілік ететін министрдің ұлы енді жергілікті деңгейде фермерлерге жер ресурстары мен субсидияларды бөлумен айналысатынын ескерсек, бұл тағайындауда мүдделер қақтығысы жоқ па?

Барлық жаңалықтар