«Азаматтығыңа қарыздармын» деген Нұрғали Нүсіпжанов ерекше жазба жариялады

«Азаматтығыңа қарыздармын» деген Нұрғали Нүсіпжанов ерекше жазба жариялады

Әнші Нұрғали Нүсіпжанов жаңа жазба жариялап, халықтың ықыласына бөлінді деп жазады Democrat.kz.


«ТУҒАН КҮНДЕГІ ТОЛҒАНЫС…
Менің ұлы мәртебелі өнер дейтін өлкеде жүргеніме 70-жыл… Ізет-ілтипаты бөлек іні досым ғұлама-ғалым Секеңнің,Серікбай Нұрғисаевтың дүние есігін ашқанына 70-жыл…

Екеумізде де юбелей,екеумізде де мерейтойлық жыл…
Біздің бір-бірімізге деген сый, құрметіміз жан-дүниемізде,бір-бірімізді үнсіз ұға білетін ұрпақпыз…
Әрине,Секеңмен арада достығымыздан бөлек,Ағалығым да бар… Өтпеймін деген өткелден өткізіп, төзбеймін деген дүниеге төздіретін тағдырдың соқтықпалы-соқпағы маған жақсы таныс…

Басыма қабат-қабат бұлт төнгенде,от ішінде-өрт ішінде күйгенімде тырс етіп үндемесемде мені қас-қабағымнан түсінген азаматтығыңа қарыздармын, Қалқам…
Қуана алмай қалғанымда құламасам,жұбана алмай қалғанымда жыламасам сендердің ізгі ниет,тілектеріңнің арқасы,Айналайын…

Өмірде ешкім бір-біріне бекерден бекер жолықпайды…
Сый,құрмет асылы атақпен де, абыроймен де өлшенбейді…
Таланты мен табандылығы қатар жүретін пенде баласының қай-қайсында да көкірек деген бар.
Төмен ұстасаң-қасиет,
Жоғары ұстасаң-қасірет.

Ал мен сенің кішілігің мен кісілігіңнен айналдым,алтын БАУЫРЫМ…
Ағарып атқан әр таңға-шүкір
Қызарып батқан әр күнге-шүкір,-дейтін қанағатшылдығымыз шығар басымызды біріктірген…
Сен мені көлеңкеңмен қорғап жүретін жанашырымсың, Жарығым!

Ләйім,Жамбыл-Жәкемнің жасына жет,Інішегім…
Өмірдің ыстық-суығында жанымнан табылған жақсы адамым,жақын бауырым Секе-Гүлнұржан,Көкелерім тойларың тойға ұлассын!
Қос құлындарыңның қызық-қуанышы көп болсын,алдымызда асқар тауымыз бар,-деп арқа сүйегендеріңе Алла разы болсын, Айналайындар!!!» - деп жазды ол парақшасында.

Барлық жаңалықтар