Баян Алагөзовада тағы бір тарихи құнды жәдігер бар екен

Баян Алагөзовада тағы бір тарихи құнды жәдігер бар екен

Танымал продюсер Баян Алагөзова "Қыз Жібектің" камзолынан басқа үйінде тағы басқа қандай тарихи құнды жәдігерлер барын айтып, видео жариялады деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, Баян Алагөзова бірер күн бұрын "Қыз Жібектің" киген камзолын көрсетіп, видео жариялап, қоғамда қызу талқыға түскен болатын. 

Бір тарап "тарихи жәдігер Баянда емес, мұражайда сақталуы керек" десе, бір тарап "мұражайда емес, Баянда тұрса, жақсы сақталады" деп пікірталас тоқтамай тұр. 

Дәл сол камзол секілді Баян Алагөзовада фильмдегі батырлар киген дулыға да бар екен. 

Бұл туралы продюсердің өзі айтып: "Тағы бір мұражай жәдігері бар біздің кеңседе. Таза темірден, елтірі теріден жасалған, салмағы өте ауыр дулыға. Дулыға қолөнер туындысы", деп құнды жәдігерді көрсетіп, видео жариялады. 

Барлық жаңалықтар