Жүз отбасына үй сыйлаған Тұрсын Алагөзовтың «Макси чайына» Қайрат Керімбек есімді әнші ән арнады, деп жазады Democrat.kz.
Ән шумақтарынан «Жүз үй берген ағама көп-көп рақмет!
Қазақтардың атынан алғыс айтамын», – деген жолдарды естуге болады. Алайда туындыны тыңдаған көрерменге әншінің бұл тірлігі жаға қоймады. Тіпті Тұрсын Алагөзовтың көзіне түсіп, үй алуға үміттенген адамның тірлігіне балағандар да табылды.
«Бейшаралар ақша үшін бәрін істейді-ау әншілер», «Не болса соны айтатын болды ғой, әннің де, адамның да барған сайын қадірі кетіп бара жатқан сиқты ғой», «Баянның байы бірдеме бере ме деп жүрген шығар», – дейді көпшілік.