Баламның қиналғанын көргім келмейді дейді депутат

Баламның қиналғанын көргім келмейді дейді депутат

Әлеуметтік желідегі парақшасында депутат Самат Нұртаза әрбір қазақ ата-ананы уайымға батыратын жайт туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Балалар үшін өмір сүреміз. Балалар біздің нәтижеміз. Балалар жақсы болса тамсанамыз, жаман болса жасимыз. Балалар өскен сайын уайым да көбейеді, “кіммен кетті?”, “кіммен араласады?”, “неге көңілсіз келді?” деп ойға салынамыз. Әр буын келесі буынның құрбаны. Біз балаларымыз үшін фундамент жасаймыз, ол фундаменттің орнына үй сала ма, дау сала ма - өз еркілері. Бастысы (өз ойым) біз балаларымызға бізсіз өмір сүруді үйретіп кетуіміз керек. Бізсіз қиналып қалмау үшін, қолдан келгенді жасау - парызымыз. Біздің көзіміз жұмылып кеткенде - балалар осы өмірдің қаталдығына төтеп бере алатындай болу керек. Өткенде кіші ұлым (орысша білмейді) даладан келіп: “Әке, анау балалар не дейді?” деді. Барып 20 минуттай аудармашы болдым. Қиын. Батудың қиналғанын көру маған ауыр тиді. 7-8 бала орысша сөйлеп ойнайды, біздікі түсінбейді. Балалар бірдеңе дегенде, Бату маған үмітпен қарап отырды … Ауыр … Егемендігімізге 33 жыл …" деп жазды депутат Самат Нұртаза. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар