Балғынбек Имашев "Дикий Арман" туралы бар шындықты айтты

Балғынбек Имашев "Дикий Арман" туралы бар шындықты айтты

Кезекті сұхбатында айтыскер, ақын Балғынбек Имашев қазір түрмеде отырған "Дикий Арманға" қатысты өз пікірін білдіріп, бар шынын айтты деп жазады Democrat.kz.


"Айнұр бізді бір шараға шақырды. Шұжық шығарып жатты ма... Тойлар болды, анасы-мынасы болды, көп дүниеге шақыратын. Сол бір шақырған кезде жаңағы жігітпен таныстық. Арман деген. Шынымен де әлеуметтік желіден кейін көре бастадым: пандемия кезінде елге көп көмектесті. Жақсының жақсылығын айту керек. Оны азамат ретінде, ұлтшыл, қазағын сүйетін тұлға, мықты азамат ретінде ұнатып қалдым. Тек қана қара күштің ғана иесі екен деп ойлағанмын. Үлкен интеллекті бар адам екен. Ол бірнеше тілде жақсы сөйлейді. Араб тілін үйреніп жүрді, түрік тілін біледі. Орысша-қазақша онсыз да сайрап тұр. Бүкіл әлемдік саяси жағдайдың барлығын біліп отырды. Былайша айтқанда, мені тәнті қылды. Сондықтан Арман туралы жаман айтқан емеспін", - деді Балғынбек Имашев. 

Барлық жаңалықтар