Балқашта бірге ішімдік ішіп отырған адамдар арасындағы жанжал кісі өлімі мен екінші адамды өлтіруге оқталуға ұласқан. Сот айыпталушыға ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп жазады Democrat.kz.
Қарағанды облысының соты Балқашта болған адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу ісін қарады.
Тергеу мәліметінше, бір пәтерде бірнеше адам бірге отырған кезде олардың арасында жанжал шыққан.
Айыпталушы ер адамдардың біріне пышақпен жарақат салып, ол алған жарақатынан қайтыс болған.
Осыдан кейін екінші адамға да шабуыл жасалған. Алайда жәбірленуші аман қалған.
Іс адам өлтіру және екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу баптары бойынша қаралған.
Сот дәлелдерді, куәгерлердің жауаптарын және сараптамаларды зерттеп, айыпталушыны кінәлі деп таныды.