Енді экономикалық ұтқырлық сертификатының ең жоғары мөлшері 7 млн теңгеге дейін (1 625 АЕК) ұлғайтылды. Бұл қаражатты қатысушылар жаңа қоныс аударған өңірде жеке тұрғын үй сатып алуға пайдалана алады деп жазады Democrat.kz. сайты Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар бағдарламаға қатысушыларға:
🔹 көшуге арналған субсидиялар;
🔹 тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу;
🔹 жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шаралары ұсынылады.
Бұған дейін бағдарлама негізінен жұмыссыз азаматтарға бағытталған болса, енді мемлекеттік қолдау шараларын еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтарының басшылары да пайдалана алады.
Өтінім беру, қоныс аударуға ұсынылатын өңірлер картасымен, сұранысқа ие мамандықтар тізімімен танысу және қолайлы бос жұмыс орнын таңдау migration.enbek.kz порталында онлайн режимде қолжетімді.
2017 жылдан бері бағдарламаға 73,9 мың адам қатысты. Оның ішінде 31 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.