Баспанаға бастар жол: ірі компаниялар қызметкерлеріне үйлі болуға қалай көмектесіп жатыр?

Баспанаға бастар жол: ірі компаниялар қызметкерлеріне үйлі болуға қалай көмектесіп жатыр?

Табыстың өсуіне қарамастан, тұрғын үй сатып алу көптеген қазақстандықтар үшін өзекті мәселе болып қала береді. Жылжымайтын мүліктің жоғары құны және банктік қарыз алушының талаптары жұмыс берушілерді қызметкерлерді қолдаудың жаңа тетіктерін іздеуге мәжбүр етуде деп жазады Democrat.kz.

Қазақстандықтар үшін баспана мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Тұрғын үй бағасының қымбаттауы мен ипотека талаптарының күрделенуі көптеген азаматтарға үй алуды қиындатып отыр.

Осыған байланысты ірі жұмыс берушілер қызметкерлерді қолдаудың жаңа жолдарын қарастыруда. Соның бірі – тұрғын үй бағдарламалары.

Мәселен, «Қазақмыс» корпорациясы қызметкерлеріне баспаналы болуға мүмкіндік беретін бірнеше тетікті іске асырып келеді. 2026 жылдың басынан бері әлеуметтік осал санатқа жататын 13 қызметкер баспаналы болса, тағы 16 адам құжат рәсімдеу кезеңінде тұр.

Сондай-ақ Балқашта жыл соңына дейін 152 қызметтік пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Ал қызметкерлер үшін Астана мен Алматы қалаларында тұрғын үй сатып алуға арналған арнайы серіктестік бағдарлама іске қосылды.

Бағдарлама аясында пәтерді 48 айға дейін бөліп төлеуге, бастапқы жарнаны 10%-дан бастауға және банк арқылы табысты растаусыз рәсімдеуге мүмкіндік бар.

Әлеуметтік жауапкершілікті күшейтіп, қызметкерлердің әл-ауқатын арттыруға бағытталған мұндай бастамалар тұрғын үй мәселесін шешудің тиімді құралдарының біріне айналып келеді.

Барлық жаңалықтар