"Басқаша сайрай бастады": Жұрт Мұрат Әбеновті оңдырмай сынап тастады

"Басқаша сайрай бастады": Жұрт Мұрат Әбеновті оңдырмай сынап тастады

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов еліміздің мүфтияты ұйымдастырған қайырымдылық шарасына қатысып, ерекше тебіреніспен сөз сөйлеп, жұрттың сынына ұшырады деп жазады Democrat.kz.

ҚМБД ұйымдастырған қайырымдылық іс шарасына қатысқан Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов: "Бүгін мүфтияттың жұмыстарын көріп, көңіліміз көтеріңкі болып тұрмыз. 

Себебі көптеген қоғамда жүрген сұрақтарға өзіміз келіп, жауабын алдық. Мүфтият өз тарапынан біздің мемлекеттегі саясатын әрі қарай жалғастырушы, бірге қол ұстасып, атқарып жатқан, жүйелі түрде жүріп жатқанын көріп отырмыз. 

Әділетті мемлекет құрамыз дейміз, бірінші иманды болуымыз керек", деп, барлық дінді құрметтеу керегін, бірақ Ислам дінінің маңайында бірге болу керегін айтты. 

Естеріңізде болса, бұған дейін депутат Мұрат Әбенов еліміздегі имам, уағызшыларды сынап, оларды тоқтату, заңмен тыйым салу туралы сыни дүниелер айтып, жазып жүрген болатын. 

Әйтсе де, депутаттың ҚМБД ұйымдастырған бір шараға қатысып, бірден пікірін өзгертуін жұрт бірден аңғарды. 

"Тәубаға келіпті, қуаныштымын", "алла разы болсын", екі жүзді бұл", "не айтты мынау", "не қыртып кеттіңіз депутат мырза", "басқаша сайрай бастапты, айтарға сөз жоқ" дегенге саятын пікір жазуда жұрт. 

Барлық жаңалықтар