Басына шлем киіп сабақ оқитын бала жан айқайын жеткізді

Басына шлем киіп сабақ оқитын бала жан айқайын жеткізді

Әлеуметтік желіде үй тапсырмасын орындауға басына шлем киіп келген баланың әрекеті қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

Анасының "үй тапсырмасын жасап, сабақ оқимыз" деп шақырғанына келген балақай басына кәдімгі шлем киіп келді. 

"Қазір сабақ оқып жатқанда қате жіберіп қойсам, ұрасың ғой. Сол үшін әдейі дайындалып киіп келдім, енді ұра бер" дейді балақай. 

Жұрт бұл баланың қылығына қатысты "басынан ұруға болмайды", "қолымыз еріксіз кетіп қалады ғой", "мына баланың ақылдысын қарашы", "соғысқа дайындалып келген ғой" деп пікір жазуда. 

Ал шындығында, бұл бала бүкіл қазақ баласының қазіргі кезде үйде сабақ оқу кезіндегі жан айқайын жеткізіп тұрғаны сөзсіз ғой. Келісесіз бе?

Барлық жаңалықтар