Тикток желісінде анасының зиратының басында отырып, домбыра тартқан қыз желідегі жұрттың назарын аударды, деп жазды Democrat.kz.
Көрініске куә болған желідегі жұрттың бірі «Жүре берсең, көре бересің деген» осы екен ғой. Билеу ғана қалды зират басында», «Әруақтардың мазасын алмаңдар. Үйде құран бағыштаңдар! Әрине, сағынасыңдар ғой, оңай емес» десе, ендібіреулер «Оны тек анасынан мейірім көргендер ғана түсінеді. Алла жанын пейіштен етсін!», «Анаңның орыны бөлек қой», «Иманды болсын!», – деп авторға сабыр тіледі.