Әлеуметтік желіде домбыраны құйқылжыта шерткен діндар Бекболат Тілеухановтың видеосы үлкен талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Видеода Бекболат Тілеухан жас балаға күйді домбырада қалай шертіп, қалай тарту керегін үйретуде.
Сонымен қатар Бекболат Тілеуханның өзі арқаланып, домбыраны тартып, күйді күмбірлете жөнеледі.
Осы бір видео басым көпшілік жұртқа аса ұнай қоймады. "Домбыраны харам деп, енді неге өзі тартып отыр?", "Қаңтарда халықты сатып кеткен қашқын", "сақалдылардың көсемі" деген сыңайда пікір жазуда.
Солардың ішінде Бекболат Тілеуханның талантына табынтындар да жоқ емес екен. "Бекең сияқты адам енді жоқ қазақ", "мықтыны мықты деп мойындау керек" деп жазып жатқандар да бар.
