"Бес арыстың рухы үшін Тоқаев сайлауға тағы түсуі керек"деген ақын 500 мың адамның атынан үндеу жасады

"Бес арыстың рухы үшін Тоқаев сайлауға тағы түсуі керек"деген ақын 500 мың адамның атынан үндеу жасады

Ақын Біржан Қалдыбаев 500 мың адамның атынан Президент Тоқаевқа үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде Біржан Қалдыбаев есімді азамат Президентке арнап, үндеу жасап, ұсыныс білдірді. 

Ол жаппай көкпар федерациясы мен ат үстінде жүрген жарты миллионнан астам адамның атынан Тоқаевты келесі сайлауда тағы да түсуін сұрады. 

Сонымен қатар ол  Қазақстанды қалыптастыру жолында Тоқаевтың ауқымды реформаларды жүзеге асырып жатқанын айтты. 

Мұнан бөлек, ақын Біржан Қалдыбаев басқа президенттің бейбітшілікті сақтай алатынына күмән келтіріп, Тоқаевты халықтың сеніміне ие деп сипаттады. 

Еске салып өтейік, бұған дейін Біржан Қалдыбаев Қырғыз президенті Жаппаровты "нағашым" деп деп, оған арнап өлең шығарған. 

Барлық жаңалықтар