Білікті ұстаз ҚМБД-дан пәтуа шығаруды сұрады: "Ұстаз деген ұлы ұғымның қадірі кетіп барады"

Білікті ұстаз  ҚМБД-дан пәтуа шығаруды сұрады: "Ұстаз деген ұлы ұғымның қадірі кетіп барады"

Белсенді ұстаз Өмір Шыныбекұлы "ұстаз" сөзіне қатысты ҚМБД - ға сауал жолдап, пәтуа сұрады деп жазады Democrat.kz.

"Серік-Болат Маженов (пікірі төменде)  орынды мәселе көтеріп отыр..

Ұстаз деген ұлы ұғымның қадірі кетіп барады..

40 жыл кеудесін сүйретіп мектепте жүргендер мейлі, кеше келген мұғалімдер өздерін "ұстаз" дегенде ащы жымиям да қоям..

"Ұстаз" деген кім?

Ұстаз деген Әбунасыр Әл-Фараби,

Ұстаз деген Абай мен Ыбырай,

Ұстаз деген Ахмет пен Мағжан..

"Академик", "Педагогика ғылымдарының докторы" деген атақтары айқайлап, мүйіздері көк тіреп тұрса да, кеңестік жүйеге қызмет еткен педагогтарды "ұстаз" деуге келмейді.

Себебі, олар қазақ ұлты мен мемлекетіне қызмет етер азамат тәрбиелеген жоқ!

Олар #Коммунизм_құрылысшысын" тәрбиеледі.

Одан кейінгі буындағы, яғни егемендік дәуірінің ғалым-педагогтары арасында да #Ұлттық_мектеп тұжырымдамасын ұсынған бірі жоқ...

Сондықтан олардың арасында да "ұстаз" жоқ..

Ал өзгелеріміз #мұғалім деген атты көтеріп жүре алсақ, тақиямызға тар келе қоймас..

Бұл айтқанымыз зайырлы мектептерге қатысты..

Ал енді Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы басшысы Ағабек Қонарбайұлы мырзаға базына: 

Мешіттердің айналасында жүрген, бар артықшылығы тіл мен жағына сүйену - мұрты енді тебіндеп келе жатқан бозбалаларды "ұстаз"  деп атау әдетке айналып бара жатыр...

Осыны ретке келтіріп, "ұстаз" деген сөзді қандай имамдарға қатысты қолдануға болатыны жөнінде бір пәтуа шығарсаңыздар деген тілек" деп жазды Өмір Шыныбекұлы.

 

Барлық жаңалықтар