Танымал қоғам белсендісі Төртуыл Шоқан бірнеше күн бойы әлеуметтік желіде қызу тақыланған "Оқу ағарту министрінің үстінен түскен арызға" байланысты өз пікірін білдіріп, болжамын да жасырмады деп жазады Democrat.kz.
"Оқу - ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға қарсы кампания жұмыс жасап жатыр.
Арнайы ашылған сайттар бар, жандарына адам жинаған "блогерлер" бар, бәрін жинап тексеру керек!
Бұл компания артында үлкен ақшалы топ тұрған сыңайлы.
Өйткені, интернеттегі сайт біткен "Сүлейменованың заңсыздығына қарсы адамдар Президентке хат жазды", "бәрін қудалап жатыр", "Сүлейменова келгелі оңбады" т б деп жазылған жалаң ұрандар.
Жалаң ұрандар дейтінім, Сүлейменова жасап жатқан бірде бір заңсыздықтың детальді разборы жоқ.
Меніңше, Президенттің тапсырмасын жақсылап атқаруға кіріскен, қаражат игерілімін сұрай бастаған министрдің соңына шам алып түскендер, образованиені кормушкаға айналдырып алғандар сияқты.
Сүлейменова кіргізбек жаңалық, ол: "қаражатты цифрлы бақылау платформасы".
Яғни, министірліктен бөлінген қаражатты алыс аудандар мектебіне, соңғы получательге дейін қадағалау.
Осы жаман ба не?
Уот, осы, осы уақытқа дейін образованиеден байып алған кланға ұнамай жатқан сыңайлы.
Сүлейменованың екінші жаңалығы, ол: бұрынғы министірлердің колледждерге қатысты құйтырқы саясатын сындырғаны, елге жақсылықты қайтаруы.
Бұрынғы министрлер елдегі 800 ден аса колледждерді төрт санатқа бөліп, төртінші категориядағы—алыс аудан, ауылдардағы 100 ге тарта колледжді қаржыландыруды тоқтатамыз деген.
Ал қалалық колледждерге алыну керек қаржы мөлшері—жылына 60-70 млрд, Карл!
Жарғыны әйгілі бір депутаттың "жартызаңына" сүйене шығарады.
Жұлдыз Сүлейменова алады да "жоқ, алыс ауыл, аудан, қалалардағы колледждер жабылмайды, ақша теңдей бөлінеді" деп, жемқорлық системаны болдырмай тастайды.
Оқу-ағарту министрінің үшінші жаңалығы: аудандық білімді —ауданнан қаржыландыру ұсынысы: бұл заңның Аймағамбетовшілер қарсылығына қарамастан өтіп кетуі.
Жұлдыз Сүлейменова, жемқорлықтың ірі лазейкасы: ұстаздар аттестациясындағы— тестілеуді алып тастады.
Біздер, халық болып, білім саласына кенеше кіріп—сорып жатқан жемқорларды қууда Жұлдыз Сүлейменованы қолдауымыз керек.
Біле білсеңдер, Жұлдыз Сүлейменованың саясаты—Тоқаевтың саясаты!
Ауылдарға жан бітіру, ауылдардан адамдардың көшпеуі, қалаға сабылмауын қамтамасыз ету!
Ал оқу-ағарту министрлігіне қарсы жұмыс жасап жатқан сайттар, блогерлер, лже-ұстаздардың бәрін тексеру керек!
Жаманды жақсы деп ала бергеніміз, жақсыны жаман деп қуа бергеніміз болмайды.
Только по факту!
Ескерту: Жұлдыз Сүлейменованың жасап отырған заңсыздықтарын фактілеп әкеліңдер, көрейік те көнейік!
А так жақсы министрді қудалауға жол бермеймін!" деп жазды.