Жезқазғанда Ustaz Ulytau педагогикалық трансформация орталығының бес жылдығына арналған мерейтойлық жиын өтті деп хабарлайды Democrat.kz.
«Даму траекториясы: жаңа мүмкіндік» атты тақырыппен ұйымдастырылған іс-шараға қатысушылар атқарылған жұмысты қорытындылап, білім беру саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ мектеп, педагог, сарапшы және мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықтың алдағы бағыттарын айқындады.
Ustaz Ulytau жобасы 2021 жылы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның қолдауымен іске қосылды. 
Осы уақыт ішінде жоба компанияға қатысы бар өңірлердегі ең ірі білім беру бастамаларының біріне айналып, Ұлытау, Қарағанды және Жамбыл облыстарындағы 85 мектеп пен екі колледжді және екі қосымша білім беру ұйымын қамтитын деңгейге жетті.
Жобаның негізгі мақсаты – тұрғылықты жеріне қарамастан оқушылардың сапалы білім алуына және педагогтердің кәсіби дамуына мүмкіндік беру. Осы мақсатта мектептерде заманауи білім беру әдістемелері енгізіліп, кәсіби бағдарлау бағдарламалары, STEM-тәсілдері мен ағылшын тілін оқытудың технологиялары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар педагогтер мен білім беру ұйымдарының басшыларына арналған біліктілікті арттыру бағдарламалары жүйелі түрде жүргізілуде.
Жобаның ең маңызды нәтижелерінің бірі – оқушылар мен педагогтер үшін халықаралық білім алу мүмкіндігінің айтарлықтай кеңеюі болды. Бес жыл ішінде 43 оқушы, сондай-ақ ғылыми жоба байқауының жеңімпаздары мен олардың ғылыми жетекшілері Ұлыбританияда тілдік білім беру бағдарламасынан өтуге қол жеткізді. Сондай-ақ 22 педагог, үш кәсіби бағдар беруші маман және он мектеп директоры халықаралық тағлымдамадан өтті.
Дарынды оқушыларды қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Жоба аясында өткізілетін Қаныш Сәтбаев атындағы химия олимпиадасы бірнеше жылдың ішінде республикалық сайыстан халықаралық деңгейдегі білім бәйгесіне айналды. 2025 жылы олимпиадаға Қазақстан мен Қырғызстанның және Ресей Федерациясының командалары қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің қатарында Ұлытау облысының оқушылары да болды.
Педагогтердің кәсіби қауымдастығын дамыту жобаның маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Тәжірибе алмасу және заманауи басқару тәсілдерін енгізу мақсатында Мектеп директорларының клубы құрылды. Бүгінде ол 65 білім беру ұйымының басшысын біріктіріп отыр. Бүгінде жобаға қатысушылардың бірқатары білім беру жүйесінде басшылық қызмет атқарып жүр.
Ustaz Ulytau педагогикалық трансформация орталығы ҚР Оқу-ағарту министрлігімен, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен және еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен тұрақты негізде қарым-қатынас жасайды. Мұндай ынтымақтастық өңірлерде заманауи білім беру тәжірибесін енгізуге және білім сапасын арттыруға ықпал етеді.
Білім беруді қолдау және адам капиталын дамыту «Қазақмыс» Тобының әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Ustaz Ulytau жобасы компанияның жас ұрпақтың дамуына, педагогтердің кәсіби өсуіне және өзіне қатысы бар өңірлердегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Білімге салынған инвестиция: Ustaz Ulytau жобасы Қазақмысқа қатысы бар өңірлердегі 85 мектепті біріктірді
Фото "Қазақмыс".
-
«Біз енді үнсіз қала алмаймыз!»: Бір топ педагог құзырлы органдардан шұғыл тексеріс талап етті11:00, 31 қазан 2026
57
-
«Мұғалімнің мойнына іле салған!»: Белсенді педагог министрге үндеу жасады10:00, 31 қазан 2026
110
-
Түркістан келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады18:16, 30 қазан 2026
86
-
АҚШ Федералдық резерв жүйесі мөлшерлемені өзгертпеді: инфляция әлі де жоғары18:00, 30 қазан 2026
97
-
Біріккен Араб Әмірліктерінде мұнай дағына байланысты Шарджа жағажайлары жабылды17:30, 30 қазан 2026
94
-
Қазақстанның Арал–Каспий автожолы 2028 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін17:00, 30 қазан 2026
93
-
Қазақстанда 70-ке жуық жаңа медициналық нысан салу жоспарланып отыр16:30, 30 қазан 2026
100
-
Қазақстан автомойкаларына ауызсуды пайдалануға шектеу енгізуі мүмкін16:00, 30 қазан 2026
103
-
Қазақстанда 188 миллиард теңгелік заңсыз онлайн-казино ісі сотқа жіберілді15:30, 30 қазан 2026
108
-
Қазақстанда әлеуметтік көмек алу тәртібі өзгереді: отбасылардың табысы мен несиесі ескеріледі15:00, 30 қазан 2026
108
-
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты
11:00, 18 қыркүйек 2026
6081
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5917
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады
14:00, 02 қыркүйек 2026
4603
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда
10:00, 10 қыркүйек 2026
4333
-
Сәбит Әбдіхалықовтың өз қызының ұзату тойына неге келмегені мәлім болды
12:00, 29 шілде 2026
3929
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?
13:00, 16 қыркүйек 2026
3314
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты
15:00, 24 тамыз 2026
3027
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты
15:00, 15 қыркүйек 2026
3001
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады
15:00, 10 қыркүйек 2026
2845