Бишімбаевтың інісінің жазасы жеңілдетілді: Сот себебін түсіндірді

Бишімбаевтың інісінің жазасы жеңілдетілді: Сот себебін түсіндірді

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжановқа қатысты негізгі жазаның өтелмеген бөлігінің мөлшерін қысқарту туралы ұсынысты қарады. деп жазады Democrat.kz . сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бақытжан Байжанов 2024 жылғы 13 мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеді.

“Сотталған мен оның қорғаушылары мекеменің ұсынысын қанағаттандыруды, прокурор мекеменің ұсынысын қанағаттандырулуы тиіс екендігін атап өтті. Рақымшылық жасау туралы заңның 2-бабы 4-тармағына сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін теріс мінез-құлық дәрежесі жоқ, осы заңның 4-бабының 4-тармағында белгіленген рақымшылық жасау актісін орындау кезеңінде жазасын бір жылдан аспайтын уақыт қалған сотталған адамдарға негізгі жазаның өтелмеген бөлігінің мөлшері қысқартылады”, – деп жазды сот.

Сот Байжановтың ауыр қылмыс жасағанын атап өтті. 

Мекеме ұсынған анықтамада сотталушының тәртібі жақсы болғаны көрсетілген. Оның өтемеген мерзімі – 3 ай 18 күн. 

“Сот отырысында сотталған Байжанов рақымшылық жасау актісін қолдануға қарсылық білдірмеді. Көрсетілген жағдайларда сот ҚАЖК "№ 4 мекеме" РММ ұсынысын қанағаттандырды, Байжановқа қатысты негізгі жазаның өтелмеген бөлігінің мөлшері қалған барлық мерзімге қысқартылды. Байжанов бас бостандығынан айыру орынынан босатылды”, – делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Барлық жаңалықтар