Бюллетень суретін жариялаған алматылық әйелге айыппұл салынды

Бюллетень суретін жариялаған алматылық әйелге айыппұл салынды

Алматы тұрғыны сайлау күні әлеуметтік желіде жариялаған жазбасы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бас прокуратура толтырылған бюллетеньді фото немесе видеоға түсіріп, оны жариялау үгіт ретінде бағалануы мүмкін екенін ескертті, деп жазады Democrat.kz.

Бас прокуратура өкілі Ерлан Жанпейісовтің мәліметінше, 23 тамызда сайлауға байланысты прокуратура органдарына шағымдар түспеген.

Соған қарамастан, Алматыда сайлау заңнамасын бұзудың бір дерегі анықталған.

Әйел әлеуметтік желідегі жарияланымы үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Ол кінәсін мойындап, жазбасын өшірген.

Прокуратура дауыс беру күні кез келген үгітке тыйым салынатынын еске салды. Ведомство толтырылған бюллетеньді фото немесе видеоға түсіріп, оны тарату да үгіт ретінде бағалануы мүмкін екенін мәлімдеді.

Барлық жаңалықтар