"Бізді бұл күйге салған не?" деген Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы елді елеңдетіп қойды

"Бізді бұл күйге салған не?" деген Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы елді елеңдетіп қойды

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды деп жазады Democrat.kz.

Әбдікәрімова ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынасты астарлап жеткізді. 

"Сезім бір күнде сөнбейді. 
Айтылмай қалған бір сөзден, қойылмай қалған бір сұрақтан суына бастайды.
Енді мен: 
“Қашан келесің?”
“Кешкі асқа не жегің келеді?”
“Шаршадың ба?”- деп сұрамаймын.
Енді сен:
“Мені сағындың ба?”
“Қолшатырыңды алдың ба?”
“Неге күлмейсің?”-деп сұрамайсың.
Көздеріміз ашық, бірақ, онда сәуле жоқ. Жүрегіміз соғып тұр, бірақ, бір-біріміз деп емес. Неге? Бізді бұл күйге салған тіршілік пе, әлде тұрмыс па? 
Немқұрайлық… 
Құтқара аламыз ба?", - деп жазды ол. 

Актрисаның оқырмандары оның бұл жазбасын оғаш көріп, алаңдаушылық білдірді. 

Барлық жаңалықтар