"Біздің әдеби шығармалардың көбі далбаса, түк тәрбиелік мәні жоқ" деген жазба қызу талқыға түсті

"Біздің әдеби шығармалардың көбі далбаса, түк тәрбиелік мәні жоқ" деген жазба қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде қазақ әдеби шығармаларына қатысты қызу талқы туындады деп жазады Democrat.kz. 

Threads әлеуметтік желісінде giv.menegger атымен тіркелген желі қолданушы:

"Ренжімеңдер бірақ қазақ әдебиетіндегі поэма , повесть , романдардың басым бөлігі далбасалап қалған әрі келер ұрпаққа ешбір тәрбиелік мәні жоқ .

Әйел , бала-шағаға күн бермейтін еркек пен тауық ми әкелерден басқа ештеңе жоқ десе де болады (Бақытсыз Жамал , Ұлпан , Гаухартас т.б жетіп жатыр ) .

Қашанға дейін осы тақырыпты айналып өте береміз ? Басқа идея жоқ па , әлде , қазақ тарихында қыздарды қорлағаннан басқа тәлім-тәрбие жоқ па ? Осындайда орыстардан үлгі алу керек сияқты ...", деп жазды. 

Бұл жазбаға қатысты оқырмандары төмендегідей пікірлер жазуда: 

"По идее олардан үлгі алып әйелдерді зорлаңдар, өлтіріңдер деген мораль алмаймыз ғой. Сол замандағы қазақ қоғамындағы больной темаларды осындай жазушылық өнер арқылы жеткізген. Бізде қазір тұрмыстағы әйелдердің өлімі, келін-ене проблемаларына арнап контент түсіреміз ғой, блогерлер түрлі видео арқылы жеткізіп жатыр, дәл сол сияқты нәрсе ол. Проблеманың алдын алу жолдарының бірі-ол туралы айту".

"Әйел трагедиясы орыс әдебиетінен келген негізі 😃Орыс әдебиетінің бетін ашпағаныңыз көрініп тұр. Орыс классикалық әдебиетінде барлық әйелдер бақытсыз, (қорланған, зорланған, ары тапталған, еркіндігінен айырылғандар)"

"Соңғы 40-50 жыл ішінде шыққан fiction books оқытылы ма қазір мектеп бағдарламасында? Жақында UK-де шыққан Аутист бала туралы кітап оқыдым. Англиядағы мектеп бағдарламасында бар екен. Өзекті тақырыптарды оқыса екен балалар. Қазіргі заман туралы көбірек". 

"Кітапты тәрбие беру үшін жазбайды, дәл солай керісінше, кітапты тәрбие алу үшін оқымайды. Шығармашылықта еркіндік болуы керек, сол еркіндік авторлардың өз әлемін тәрбие анау-мынау демей бүкпесіз жеткізе алуында. Қазақ әдебиеті қыздарды қорлау туралы, одан орыс әдебиетінен үлгі алу керек дейтін болса Набоковтың Лолитасын, Гогольдің Шинелін оқуға кеңес беремін"

"Біздің әдебиетте идея жоқ.Көп шығармалар уақыт сынына шыдамайды.Ал кейбіреулері тек ақыл айтуға ғана құрылған.Жазушы деп Шыңғыс Айтматов сияқты жазушыны айтар ем.Бізде тағы бәрі тарихшы.Оқып отырып өзің ұяласың.Көбі трайбализмнен шығалмайды тағы әлсіз жерлері.Тағы нобель туралы түс көреміз" 

Ескі әдеби шығармаларды аңалаған дұрыс па, әлде өткенімізді оқып, тәрбие аламыз ба? Сіз қалай ойлайсыз?

Барлық жаңалықтар