Блогер Әлия Әшім жаңалығын айтып, жылап қалды

Блогер Әлия Әшім жаңалығын айтып, жылап қалды

"Абай мен Ділдә неткен" деген сөзімен жұртқа танылған блогер Әлия Әшім кітап жазуды бастағанын айтып, көзіне жас алды деп жазады Democrat.kz.

"Кейде осы кітапты еңсере алмай, орта жолда қалдырып кететіндей қорқамын. Кейде жазушы, сыншылар "мынаған не жоқ" деп айта ма деп шегіншектеймін. "Ешкім де оқымайды, кімге керек осы" деп бірдеңе ішімде шұқып отырады.

Бірақ күнде чатта тегін кодировка, редактурамен айналысып жатқан 7 волонтердің қып-қызыл еңбегін көрем де, осы ойларымнан ұяламын. Маған сеніп, 40 жыл бұрынғы жарасының бетін тырмалап, сырын, көз жасымен бірге жүрегін ашқан желтоқсаншы аға-әпкелерімнің фото-видеосын көремін де "қолыңнан келмесе де, істеу керек" деп қайсарлана түсем.

Кітапқа өткенде отырдым. "Марқұм анама арналады" деп кітап бетіне жазу арманым еді. Жаздым да, жасымды тоқтата алмай ұзақ отырдым. Бірақ, бастадым. Соңына дейін жеткізуге құдай күш-қуат берсін" деген Әлия Әшім көзіне жас алып, жылап қалды. 

Барлық жаңалықтар