Танымал тиктокер директор Ақмоншақ Нұртаза оқушыларымен бірге дискотекаға қатысып, жұрттың сынына ұшырады деп жазады Democrat.kz.
"Оқушылармен бір толқында болу маңызды" деген жазбамен дискотекада бірде мың бұрала билеген, бірде жұлқына билеген Ақмоншақ Нұртаза бұл жолы оқырмандары тарапынан сынға ұшырады.
Осы видеосын инстаграмда бөліскен тренд директор "ғажапсыз", "кереметсіз", "ерекшесіз", "әр директор осындай болса" дейтін сөздер толассыз жазылыпты.
"Бояушы, бояушы деген сайын...", "субординация деген болуы керек", "бұл енді тым артық" деп жазып жатқандар да жеткілікті.