"Бұл енді "потолок"болды": Ардақ Назаровтың "айтары" еш бітер емес

"Бұл енді "потолок"болды": Ардақ Назаровтың "айтары" еш бітер емес
Қоғам белсендісі Медет Арыстан соңғы айда қоғамда тоқтаусыз талқыға түсіп жатқан депутат Ардақ Назаровтың кезекті сұхбатына пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.
 
"Кешқұрым Ара Медия ютуб каналын қарап шықтым. Руслан Ербота желіде қызу талқыланған тақырыптарды топтастыра әңгімелеп тұрды. Әшейінше видеоларды соңына дейін көрмейтін Медет білмеймін осы шығарылымды до конца көргенсің ғой.
 
Оным бекер болмапты. Себебі ең соңында мына алдар көсе братуханың тағы бір кезекті жаға ұстатар әңгімесін естіртті.
 
Мына видеода Арекең сол баяғы "спакойный" қалпында, бір жұтынып алып әңгімесін жіберіп отыр. Мынауы енді потолок кәдімгі. Ардақ Абайды көне түркі тілінде сөйлетіп, өлең жазғызып тастады ғой.
 
Абай Қашқаридің тілінде өлең жазған, кейін оны арапшаға, одан төте жазуға, одан кейін кириллицаға аударған. Содан барып Абайдың өлеңдерінің түпкі мағынасы өзгеріп кеткен деп соғып отыр.
 
Мынау шамамен біз 5 ғасыр фейсбукте жырлайтұғын әңгімелерді айтып, айтып тастаған екен ғой.
И қойш, ешкі не жемейді, ардақ не демейді деп қолды бар сілтей салайын десем.
 
Сорақысы сол, бұ кісіні Қазақстан бойынша облыс, облыстар, аудан, аудандарға арнайы шақыртып, адам жіберіп алдырып, өскелең ұрпаққа лекция оқыттырады екен.
"Это ребято уже полный попа.."
 
Мектеп директорлары мен методистері өздеріне кімнің келіп, балаларға нендей лекция оқитынын зерделеп тексермейтін болып тұр ғой сонда.
 
Бұл адам кім, қандай білімі бар, әңгімелерінің мағынасы қандай деп қарамайма?
Әлде оған өре жетпейме?
 
Козы Көрпеш Баян Сұлудың киносында сәуегей дейтін көріпкел бар еді ғой..
Соның айтатын фразасы бар.
-құмалақ не дейді, құмалақ ауыл сыртында тіксиген түлкі жүр дейді - деп.
 
Сол айтпақшы біз мектептерде Ардақ іспетті сәуегейді тыңдап жүрміз, бұл не сонда..
Жарты айдың жүзі болды қоғам әбден ішін кептіріп жатыр, мынау сабаз былқ етпейді.
 
Сол Қозы Көрпештің киносында Қарабайдың ақыратын тұсы бар ғой.
Мен Қарабаймын
Мен Қарабаймын деп..
Мынау да "мен Ардақпын", "мен депутатпын" деп айқайлап жүрген сияқты.
 
Абай 5 -ші ғасырдағы көне түркі тілін білген және өлең жазған бы-хы-хы-хыыы.."деп жазды Медет Арыстан. 
Барлық жаңалықтар