"Бұл -Президент қол қойған заңды аяққа таптау!"деген білікті ұстаз депутатқа шүйлікті

"Бұл -Президент қол қойған заңды аяққа таптау!"деген білікті ұстаз депутатқа шүйлікті

Мәжілістің жалпы отырысында «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға енгізілетін өзгерістер талқыланды. Жиында депутат Ерлан Саиров мұғалімдер барлық қоғамдық, саяси іс-шараға қатысуы керек деген пікір білдірді. Депутаттың осы пікіріне қатысты білікті ұстаз, белсенді педагог Өмір Шыныбекұлы өз қарсылығын білдірді деп жазады Democrat.kz.

Өз сөзінде Өмір Шыныбекұлы: "Депутат Ерлан Сайыров, сіз әке-шешеңіздің заманын алға тарта бермеңіз...
 
Мұғалім сіздерге қолбала емес.
Екі сөздеріңнің бірінде "Ойбай, Қ.Тоқаевтың саясатын қолдаймыз" деп жүріп Мәжіліске депутат болдыңыз. Ал мынау айтып тұрғаныңыз Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2019 ж. қол қойған "Педагог мәртебесі туралы" Заңды аяққа таптау..
 
Сіздің жерлестеріңіз Тарбағатай Ауданы Әкімдігі мұғалімдерді жүгіртуді бастап жібергенін Жанна Сакетаева әріптесіміздің постынан байқадық..
Әріптесіңіз Асқат Қанатұлы Аймағамбетов дұрыс айтады...
 
Аудандық білім бөлімін аудан әкіміне бағынышты етсек, білім жайына қалып, мұғалімдер қайтадан көше сыпырып кетеді..
Бұған жол беруге болмайды, әріптестер.."деді. 
Барлық жаңалықтар