Танымал эколог Мэльс Елеусізов Алматы қаласының ертеңгі экологиялық жағдайына қатысты өте қорқынышты болжамын жасады деп жазады Democrat.kz.
Алматы қаласына жан-жақтан төнген экологиялық қауіптер туралы айтқан Мэльс Елеусізов: "Алматы 700 мың адамға арналған қала ретінде салынған. Бұл туралы Қонаевтың да айтқаны бар.
Алайда дәл қазіргі кезде Алматыда 3 миллионнан астам адам тұрып жатыр. Тоқтаусыз салынып жатқан құрылыстар мен қаланың сыртындағы экологиялық жағдай тікелей қауіп төндіріп тұр.
Мысалы, мен арнайы барып, таудағы мұзды шыңдарды өз көзіммен көріп қайттым. Біразының жартылай еріп бастағанын көрдім. Бұл сұмдық! Әлем бойынша су тапшылығы басталғанын бәрі біледі", - деп Алматы қаласының келешегі үшін қорқынышты болжамын жасырмады.