Чемпион-депутаттың мектепте уағыз айтқаны заңды ма?

Чемпион-депутаттың мектепте уағыз айтқаны заңды ма?
Танымал журналист, қоғам белсендісі Гүлбану Әбенова "АРАМЗА МОЛДА… деген тақырыппен тағы бір маңызды ақпаратпен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
 
"Кеше «чемпион» елордадағы бір мектепке барып, дәріс оқыпты
 
Мектеп директорлары неге сүйеніп шешім қабылдады екен? Білімсіз, өзіне тым риза бұл адам балаларға не айта алады?
 
«Соғылыңдар, төбелесіңдер – сонда ғана бақыт табасыңдар, депутат болып көп ақша аласындар» дей ме?
 
Ал қыздарға не айтады? «Миссияларың – он бала туу» деп пе?
Мен ұлымның мектебіне ондай адамдардың келіп, дәріс оқығанын қаламаймын.
 
Оқушыларды мәжбүрлеп акт залына жинап, білімсіз адамның бос сөзін тыңдату — дұрыс емес деп ойлаймын және қарсымын.
 
Неге мектептерге ғалымдарды шақырмайды? Мемлекет ғылымға миллиардтап қаржы бөліп жатыр ғой. Сол ғалымдар келіп, қандай зерттеулермен айналысып жүргенін, олардың еңбегі адамзатқа қалай пайда әкелетінін неге айтпасқа?"деп жазды журналист. 
 
Журналистің жазбасына пікір жазушылар мектепте уағыз айтылуына қарсы екендерін ашық білдіруде. 
Барлық жаңалықтар