"Дәлелдеңіз!" деген журналист Ардақ Назаровты жекпе-жекке шақырды

"Дәлелдеңіз!" деген журналист Ардақ Назаровты жекпе-жекке шақырды
Танымал журналист, қоғам белсендісі Гүлбану Әбенова депутат Ардақ Назаровты ашық жекпе-жекке шақырды деп жазады Democrat.kz.
 
"АРДАҚ НАЗАРОВ!
Мен, журналист ретінде, сізді ММА ережесі бойынша ашық жекпе-жекке шақырамын. Шығыңыз тікелей эфирге — сол біздің октагонымыз болсын!
 
Сөз жеткілікті. Бос әңгімеден, ертегіден және күмәннен шаршадық. Халыққа көп уәде бердіңіз, көп сөз айттыңыз. Енді сөз емес, іс қажет.
 
Тікелей эфирде менің сұрақтарыма жауап беріңіз: сіздің біліміңіз, еңбек жолыңыз, өмірбаяныңыз — бәрі халық алдында ашық айтылсын.
 
Қолғаптың орнына дипломдарыңызды, студент кезіңізде түскен суреттеріңізді алып келіңіз. Курстастарыңызбен түскен фотоларыңызды көрсетіңіз. Халық бәрін өз көзімен көрсін.
 
Бұл — тек жекпе-жек емес. Бұл — шындық, әділет пен ақиқат үшін айқас.
Сіздің жұдырығыңызда халық тұр деп мақтанасыз, ал менің қаламымда халық тұр.
Халықты алдамағаныңызды дәлелдеңіз.
 
Егер шынымен ер азамат болсаңыз — октагонға шығып, соны дәлелдеңіз!
Мені «тәтешка» деп сылтау айтушы болмаңыз! Еркек болсаңыз — шығыңыз!"деп жазды Гүлбану Әбенова.
Барлық жаңалықтар