Белгілі журналист Дана Нұржігіт бүгін өзінің шын туған күні екенін, дәл осы күні ерекше құттықтау алғанын және алдағы уақытта кітабы жарыққа шығатынын айтып, жазба жариялады деп хабарлайды Democrat.kz.
Журналист ұлының құттықтау жазбасын жариялап, аналық алғысын білдірді. Ұлы өз құттықтауында: "Ана-жүрек мейірімнің шуағы,
Сен барда менің өмірім- гүл бағы!
Бар жақсылық өзіңмен бірге болсын әрқашан,
Анашым, туған күніңмен"деп жазған.
"Базарым,назарым,қарашығым,ақ бөкенім, ақ жүрегім, ұлым менің! Әлім,қуатым менің! Бірінші боп құттықтап, қуантып жатыр" деген Дана Нұржігіт:
"Иә, бүгін менің шын туған күнім.
22 наурыз. Әр жылымның құны қымбаттап келеді. Уақыттың зымырап өтіп жатқанын аңғарамын.Ең басты тілегім: елім тыныш, деніміз сау болса екен деймін. Қалғанының бәрін еңсереміз!
Мен оған кәміл сенемін! Арман, жоспар көп болсын! Мұны айтып отырған себебім:бір кездері уайым тұңғиығында жүріп, арманымның жоқ екенінен шошып кеттім, жоспарымның біткенінен үрейлендім.Жаным күйзелген ол кездер де артта қалды, тәубә!
Күзде, бұйырса, алғашқы кітабымды тарту етемін! Өзіме жасаған сыйым сол!", деп жазды.