Актриса Дариға Бадықова өзі туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Мықты әйелдер ешкімге ұнамайды. Өйткені олар ешкімге жүгінбейді. Ешкімнен ештеңе күтпейді. Бәрін өз күшімен, өз жүрегімен жасайды.
Мен де сондаймын...
“Мынаны тауып бер, ананы алып бер” деп сұрауды білмеймін. Біреуден бірдеңе сұрап, телміріп отыру - маған жат.
Мен үшін өмір – ортақ кеңістік, ал мен – бөлісуді, пайдалы болуды сүйетін жанмын. Бірақ…
Неғұрлым бөліскен сайын, соғұрлым жалғызсырауың мүмкін. Мықтыларды бәрі түсіне бермейді. Өнерде де, өмірде де, қолпаштайтындардан гөрі сынайтындар көп…
Мықты әйел сыңарының алдында да, бірінші орында болмайды....
Өмір заңдылығы: адамдар мүсәпір болсаң – жұбатқысы келеді, жертва болсаң – аяғысы келеді, ал мықты болсаң – онша ұнатпайды. Мықты әйелді көпшілік түсінбейді. Оны мақтамайды, жақтамайды. Себебі мықты әйел – айна әркімнің өз әлсіздігін өзіне көрсетіп қояды.
Менің күшім – Құдайдың сыйы. Әлсіздігімді көрсетуге намысым жібермейді. Намысшылдығым мені тәуелсіз етті.
Иә, мен мықтымын. Ешкімге көрсетпей жылап алатын сәттерді, санамағанда…" деп жазды актриса.