"Дариға жүрек" әні туралы шындық: Автордың сөзі көпшілікке жақпай қалды

"Дариға жүрек" әні туралы шындық: Автордың сөзі көпшілікке жақпай қалды

Әлеуметтік желіде тараған видеода "Дариға жүрек" әнінің авторы Бауыржан Есебаев әннің шығу тарихы туралы бар шындықты айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Әнші Медеу Арынбаевтың орындауында көпшіліктің көңілінен орын тапқан "Дариға жүрек" әнін жұрт Медеу Арынбаевтың марқұм әйеліне арналып жазылған деп ойлайды. 

Ал осы әннің авторы Бауыржан Есебаев: "Ұмытпасам, 2004 жылы ғой деймін, "Хабар" агенттігінің төрайымы еді. Сол уақытта сол кісінің туған күнінің алдында ойланып жүрдім.

Туған күн жақындағанда, "Дариға жүрек" әнін жазып, "Хабар" агенттігіне ұсындым. Осылайша бұл әнді Медеу Арынбаевтың орындауында "Хабар" арнасында ең алғаш шықты" дейді. 

Әйтсе де, ән авторының бұл шындығы көпшілікке ұнамай қалды. "Кетті ғой Назарбаевтар, ол Дариғаға емес дей салсаңшы", "әдемі әнді соған арнаған ба", "өкінішті" десіп жатқандар аз емес. 

Барлық жаңалықтар