Әлеуметтік желіде діндар Дарын Мубаровтың күллі қазақтың жанды жеріне тиетін видеосы тарады деп жазады Democrat.kz.
Дарын Мубаровтың сөзіне сенсек, кезінде атақты күйшіміз Дина Нұрпейісова "домбыра харам" деген екен.
"Баяғыда Дина апамыз өзінің күйіне тамсанып, тағы бір рет тартуды сұрағанда "молдалар айтады ғой, добыра ақыретте жақсылық бермейді деп". Кеңес өкіметінің адамдары дінге сенбейді ғой, содан олар "ой апа, қорықпаңыз, Құдай сізді тозаққа салайын деп жатса, күйді тарта беріңіз, тарта беріңіз, құдайдың өзі сізді жәннатқа кіргізеді"деген екен. Бұл нені білдіреді? Сол заманда орамалы түгел, иманы кәміл Дина апамыз домбыра тартпау керегін естіген екен" деген Дарын Мубаров осы әңгімесін айтарда "көзбен көргеніміз" дегенді қосып айтады.
Дарын Мубаров күйші Динаны көзімен көрген бе? Кірпік қақпай, өтірікті қиыстырып, алаңсыз әлеуметтік желіде осындай уын ағызғандарға тыйым бола ма? Қазақтың қастерлі домбырасын кім көрінген қашанғы ойдан құрастырып алған өтіріктерімен қорлай бермек?
Қаны қазақ, жүрегі қазақ деп соққан әрбір азаматтың миына дәл осы сұрақтың келері сөзсіз. Алайда мынадай қиыстырып, суылдатып жүрген пенделерге тәйт дейтін құзырлы органның болмай тұрғаны өкінішті....(Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)