Аманат партиясы өткізген 6 маусымдағы саяси кеңестің шұғыл отырысында "Әділет" жаңа партиясымен бірігу туралы шешімді талқылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Ерлан Сайыров растады деп жазады Democrat.kz.сайты BES.media- ға сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда Қазақстанда ресми түрде сегіз саяси партия тіркелген: Amanat, "Ақ жол", ЖСДП, "Республика", Қазақстан Халық партиясы, "Ауыл", "Байтақ" және "Әділет".
"Әділет" жаңа саяси партиясының іске қосылуы 2026 жылдың 15 сәуірінде жарияланды. Келесі күні оның бастамашыл тобы мемлекеттік тіркеуден өту үшін құжаттарды Әділет министрлігіне жолдады.
Партияны құрушылар елдің саяси жаңғыруын, жаңартылған Конституция ережелерін, заңның үстемдігі қағидаттарын және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын кеңейтуді қолдайтындықтарын мәлімдеді.
Партияны бұрын Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебай басқарады. Саяси кеңестің құрамына "Қазақтелеком" басқарма төрағасы Бағдат Мусин, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, кәсіпкер Андрей Лаврентьев, саясаттанушы Марат Шибутов, қоғам қайраткері Рауан Кенжеханұлы және "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры Ренат Бектұров кірді.