"Депутаттар саботаж жасағаны үшін жауапқа тартылсын!"деді Өмір Шыныбекұлы

"Депутаттар саботаж жасағаны үшін жауапқа тартылсын!"деді Өмір Шыныбекұлы
Белсенді педагог, білім саласының білікті ұстазы Өмір Шыныбекұлы саботаж жасаушы бірнеше депутаттың атын атап, оларды жжауапқа тартуды талап етті деп жазады Democrat.kz.
 
Еске салып өтейік, өткен аптада Мәжіліс депутаттары "мектепті аудан әкімдігі құзіретіне беру", "мұғалімдерді қоғамдық жұмыстарға араластыру керек" деген бастама көтеріп, ұсыныс жасаған болатын.
 
Аталған осы бастамаларға қатысты бүгінге дейін қоғамда қызу пікірталас жүруде. Бастамашыл депутаттар Ерлан Сайыров, Нартай Аралбай, Мұрат Әбеновтердің бұл ұсыныстарына білім саласының мамандары қарсылық білдіріп, оның себептерін де түсіндіруде.
 
Білім саласының білікті маманы Өмір Шыныбекұлы кей депутаттың мұндай ұсынысы Президент қол қойған "Мұғалім мәртебесі" заңына қарсы шығу деп бағалайды.
 
"Төменде аттары аталған депутаттар мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың саясатына саботаж жасау әрекеті үшін жауапқа тартылсын!
 
Оу, депутаттар!
 
Сендер Түркістан облысының тек 7 ғана аудандық білім бөлімінен ұрланған ₸12 млрд теңгенің білім бөлімдері аудан әкімдігіне бағынышты кезде ұрланғанынан хабарларың жоқ екен.
 
Не бітіріп отырсыңдар, Егемен елдің Парламентін масқара қып?
 
Депутат ретінде сендерге төленген салық төлеушінің ақшасын қозғап, аузымды ауыртпайын..
Жетісай Ауданы Білім Бөлімі, Мақтаарал Ауданы Білім Бөлімі, Келес Ауданының Білім Бөлімі, Сарыағаш Ауданының Білім Бөлімі, Бәйдібек Ауданының Білім Бөлімі, Шардара Ауданы Әкімдігі
Осы аудандарда қаншама адам сотталып, қанша адам өзіне өзі қол салып өмірден баз кешкенін білесіңдер бе?Неге дерсіңдер..
 
Себебі, біреу-ақ "Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді"..
 
Көздегендерің қазанның қақпағын қайта ашу ма?
Миллион теңгелік жалақыларыңның еш болмаса жүз мыңын ақтарсыңдар..
 
Мұрат Әбенов, Ерлан Сайыров, Нартай Аралбай, Нұртай Сәбилянов, мықты болсаңдар, алысқа бармай-ақ, осы облыстың қалған аудандарының білім бөлімдерін тексертіңдер.."деген Өмір Шыныбекұлы тексерілуі керек білім бөлімдерінің тізімін ұсынды. 
 
Барлық жаңалықтар