"Дикий Арман" түрмеден видео-үндеу жасап, көмек сұрады

"Дикий Арман" түрмеден видео-үндеу жасап, көмек сұрады

Әлеуметтік желіде "Дикий Арманның" түрмеден жасаған видео үндеуі тарады деп жазады Democrat.kz.

Өз видеосында Арман Жұмагелдиев: "Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары мен әлемдегі басқа да құқық қорғау ұйымдарынан өзіме әділетсіздік жасалуына байланысты көмек сұраймын! Қазақстанда болып жатқан әділетсіздіктер мен адам құқықтарының тапталып жатқанына назар аударуларыңызды өтінемін!" Деді. 

"Дикий Арманның" бұл видеосы жұрттың аянышынан гөрі, ашуын тудырды. "Түрмеде қалай телефонды еркін қолданып жүр бұл?", "жағдайың жаман емес сияқты ғой, семіріп алыпсың", назарбаевтар түрмеде аш қалдырмапты, иә?", "өмір кезек деген осы, кезінде оппозицияға иттік жасап едің", "дариға көмектеспейтін болған ба?" дегенге саятын пікір жазған жұрт "Дикий Арманның бұл видеосына тексеру жасау керегін айтуда. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайтты заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар