"Ділданың бақытсыздығына жаным ауырды" деген Әлия Әшім "Абай жолы" туралы пікір білдірді

"Ділданың бақытсыздығына жаным ауырды" деген Әлия Әшім "Абай жолы" туралы пікір білдірді

"Абай мен Ділда нетіскен бөлме" деген сөзімен қатты танылған блогер Әлия Әшім осы тақырыпқа қатысты тағы бір жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

""Абай жолын" оқып отырып, Ділдә үшін жаным ауырды. Оның ашуы, уытты тіліне себеп - бақытсыздығы ғой. Сүймегеніне қосу, Абайдан ықылас көрмеуі - өрлі Ділдәні сындырып жібергендей. 

Әуезов әйелдің бұл күйіне үңілмейді, есесіне Абайды түсінбегені үшін "айыптайтын" да сияқты. Тік мінезін, қаттылығын айтады. Тағы да, әйел сезімдері құнсыз. Ал еркегін ұқпағаны - данасыз болғаны. 

Көркем шығарма ғой. Дегенмен, кітаптағы Ұлжанның өмірі де, Ділдәнің бақытсыздығы да мен үшін ең ауыр, әрі ең айтылмай, беті жабыла салған мәселе"деп жазды блогер.

Барлық жаңалықтар