Дина Төлепберген өзінің не бүлдіргенін бүкпесіз айтып берді

Дина Төлепберген өзінің не бүлдіргенін бүкпесіз айтып берді

Белгілі журналист Дина Төлепберген өзінің "не бүлдіргенін" айтып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Аааай, достар!
Таяуда менің не бүлдіргенімді білсеңіздер ғой…

“Астарлы ақиқаттан” кеткеннен кейін ұзақ уақыт бойы барлық тележобалардан бас тартып жүрдім. Шыны керек, ұсыныстар аз болған жоқ. Бірақ ешқайсысы жүрегімді селт еткізбеді. Қанша ақша уәде етілсе де…

Ал “Ең мықты” маған басқа сезім сыйлады. Бұл – студияның жайлылығынан шығып, табиғатқа бет бұру еді. Тау, тас, құм, жел… иә, шыбын да, шаң да болды. Бірақ осының бәрі мені қайта тірілткендей.

Неге келістім?
Себебі қарапайым еңбек адамына құрмет көрсеткім келді. Біз сахнада жарқырағандарға қызығамыз, ал күнделікті өмірдің ауыр жүгін арқалап жүрген жігіттерге сирек таңдай қағамыз. Мен солардың күші мен намысын экранға шығарғым келді.

Бәлкім, прогресс дегеніміз жаңа технология емес, өз түбірімізге – адамға және еңбекке қайта оралу шығар?"деп жазды журналист.

Барлық жаңалықтар