Әлеуметтік желіде тараған кіп-кішкентай қазақтың баласының домбыраны паршалап, бөлшектеп сындырған видеосы жұрттың ашуын тудырды деп жазады Democrat.kz.
Видеода шамамен 10-11 жасар бала шімірікпестенр қазақтың киелі домбырасын паршалап сындырып, онысы үшін тіпті өзі селт етпегені көрінеді.
Оның жанында тұрған екі бала да "қой" деген әрекет жасамайды. Киелі домбыраны тоқпақтап, ұрғылап сындырған баланың тірлігі жұрттың жағасын ұстатты.
"Діннің жемісі", "домбыра - харам дегенді естіген бала ғой", "өкінішті, қасиетті домбыраның киесі ұрмасын", "мынау неткен қатыгездік?!", "міне, қазақтың болашағы" деген пікірлер жазуда жұрт.