"Директорлар қанша миллион беріп мектеп басқарып отырғанын білеміз" деді белсенді ұстаз

"Директорлар қанша миллион беріп мектеп басқарып отырғанын білеміз" деді белсенді ұстаз
Белсенді ұстаз Гүлманат Байзақова қазір кімдердің қалай мектеп директоры болып жатқаны туралы ащы шындықты айтып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
Белсенді педагог өзінің парақшасында: "Қазіргі күнде лауазымды орынға кімнің қандай жолмен жайғасып жатқанын көріп қаншама сын ескертпелерді алдын ала біліп естіп Жандос Нұрпейісов мырзаға арнайы барып айтсақта тоқтар емес.
 
Яғни кімнің "крышасы" мықты, қалтасы қалың,  сол ойланбастан директор болып жатыр.
Тіпті ставкасын мысалға айтуға болады: 500 балаға дейінгі мектептерде 5 лимон, 1000 баласы бар мектепке 10 лимон, 2000 баласы бар мектептерге 15 лимон, ал зав районо болу ол 50 лимон екен.
 
Масқара, бұның артыда тұрған кім екен деп қызығып сұрасақ "министірдің көмекшісі, примердің оң қолы, әкімнің бірнесесі" деп мақтанғанғандар қаншама...
Заң жайында қалды....
Жақында Сауран ауданындағы Яссауи мектебіне директор лауазымына конкурсқа түскелі тұрған үміткердің бірінің құжаты мүлдем сәйкес келмесе де көкесі сүйреп жатыр екен ештеңе етпейді, бола береді деп, яғни қалтасы қалың болғанының арқасында заңды жинап қойып директор болып кетсе енді таң қалмаймыз себебі "крышасы бар", өзі шешеді екен, масқара! 
 
Дәл осы құжаты сәйкес келмейтін маман жуырда директор болып жатса таң қалмаңыздар себебі Түркістан облысында  заң жоқ...
Ал заңда былай дейді....
 
 Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы.
48. Біліктілікке қойылатын талаптар:
 
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;
 
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.
 
осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
 Заң сөйлейме, қалта сөйлейме жақында осыны ажырататын боламыз..."деп жазды
 (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)
Барлық жаңалықтар