Доллар бір күнде арзандады

Доллар бір күнде арзандады

31 тамыздағы сауда қорытындысында теңге долларға қатысты нығайды. Қазақстан қор биржасында АҚШ валютасының орташа бағамы 462,31 теңгеге түсіп, алдыңғы саудамен салыстырғанда 2,23 теңгеге арзандады, деп жазады Democrat.kz.

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі валюталық сауда 15:30-да аяқталды.

Нәтижесінде доллардың орташа өлшенген бағамы 462,31 теңгені құрады.

Жұма күнгі көрсеткішпен салыстырғанда доллар 2,23 теңгеге арзандаған.

Ресей рублінің биржалық бағамы 5,34 теңгеге, Қытай юані 68,85 теңгеге дейін төмендеді.

Қазақстанның айырбастау пункттерінде долларды шамамен 461–462 теңгеден сатып алып, 463–463,5 теңгеден сату ұсынылды.

Сонымен қатар халықаралық нарықта мұнай бағасы айтарлықтай көтерілді. Brent маркалы мұнайдың қараша фьючерстері күн ішінде 90 доллардан жоғары саудаланды.

Мұнай бағасының өсуі Таяу Шығыстағы жаңа әскери шиеленіс жағдайында жүріп жатыр. 

Барлық жаңалықтар