Астанада екінші әуежай салу үшін жер ізделіп жатыр

Астанада екінші әуежай салу үшін жер ізделіп жатыр

Астана әкімдігі елордада жаңа әуежай салуға болатын аумақтарды зерттеп жатыр. Жобаның нақты орны әзірге бекітілмеген, бірнеше ықтимал алаң техникалық және қала құрылысы талаптары бойынша қарастырылуда, деп жазады Democrat.kz.

Жаңа әуежай салу мүмкіндігі туралы ақпаратты Астана әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы растады.

Қазір мамандар бірнеше ықтимал аумақты зерттеп жатыр.

Әкімдік нақты учаске бекітілмегенін атап өтті.

Алаңды таңдау кезінде көлік қолжетімділігі, инженерлік инфрақұрылым, санитарлық аймақтар, әуе қозғалысының қауіпсіздігі және қаланың болашақ дамуы ескерілуі тиіс.

Жоба Астана халқы мен әуе жолаушылар ағынының өсуіне байланысты ұзақмерзімді инфрақұрылымдық жоспардың бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр.

Қазіргі халықаралық әуежай өз жұмысын жалғастыра береді. Жаңа нысанның құрылысы қашан басталатыны әзірге жарияланған жоқ. 

Барлық жаңалықтар