Исландия тұрғындарының басым бөлігі Еуропалық одаққа мүшелік жөніндегі келіссөздерді қайта бастауға қарсы дауыс берді. Референдум нәтижесінде «қарсы» дауыстар шамамен 52,5–52,8 пайызды құрады, деп жазады Democrat.kz.
Исландия тұрғындарына «Еуропалық одаққа кіру туралы келіссөздерді қайта бастау керек пе?» деген сұрақ қойылды.
Дауыс беру қорытындысында сайлаушылардың шамамен 52,5–52,8 пайызы келіссөздерді жалғастыруға қарсы шыққан.
Қолдағандар үлесі шамамен 47,5–47,7 пайыз болды.
Өңірлер бойынша нәтижелер айтарлықтай ерекшеленген.
Исландия Еуроодаққа мүшелік жөніндегі келіссөздерді бұған дейін бастағанымен, процесс он жылдан астам уақыт бұрын тоқтатылған еді.
29 тамыздағы референдум консультативтік сипатта өтті. Дегенмен оның саяси маңызы жоғары: нәтиже елдің ЕО-мен интеграциясын жақын арада қайта бастауға қоғамдық қолдау жеткіліксіз екенін көрсетті.