"Дуа мен сиқыр төрт бауырымның басын жалмады" деген блогер сұмдық жайтты айтты

"Дуа мен сиқыр төрт бауырымның басын жалмады" деген блогер сұмдық жайтты айтты

Блогер, биоэнергетик Динара Дәулет сұмдық оқиға туралы жазба жариялап, елді шошытты деп жазады Democrat.kz.

"Неге дәл біздің отбасымызда 4 бауырым 4 айлығында шетінеп кетті?! Дуа ма әлде сиқыр ма? Әке-шешем себебін іздеді.

Содан Ташкенттен арнайы Ишан бабаны шақырдық. Ол үйді тазартты. Үйдің алдында кухня мен гараж бар еді, папам арнайы салған. Сол маңда ауыл бойынша ең үлкен екі тал өсіп тұрған. Ишан баба:
— «Талдың түбін қазыңдар!» – деді. 1–1,5 метр қазған кезде не шыққанын білесіздер ме? Айтсам сенбессіздер, бірақ…

Тал астында домалақ пакет жатыр. Ішінен жын шақыруға арналған заттар, ине, тырнақ, шаш және басқа да нәрселер шықты. Ишан баба ол заттарды ешкімге ұстатпай, бірден өртеп, судың ағысымен жіберді.

Ишан баба заттарды көрген соң:
— «Бұл отбасыға үлкен сиқыр жасалған», – деді.

Бәріміз аң-таң қалдық.
— «Неліктен? Кім істеді?» – деп сұрадық.
— «Сиқыр Бұл әулетте ұл бала бұдан кейін өмірге келмесін деп жасалыпты! Бәрі 4 айда ауырып, көз тиіп, белгісіз жағдайда шетінеп кеткен себебі осы», – деді ол.

Тұңғыш Дәурен ағам дүниеге келгенде атам ұлан-асыр той жасаған. Ал 1986 жылы халық үшін той жасау түгілі, ақша табудың өзі қиын еді! Бірақ атам мен әкемнің дәуірі жүріп тұрған шақта біздің қуанышымызды біреулер көре алмай, қызғанған.

Сол қызғаныштың, көре алмаушылықтың соңы бізге қайғы әкелді… Бір емес, төрт бауырымнан айырылдық. Жақыныңды қара жерге тапсырудың қаншалықты ауыр екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес"деп жазды Динара Дәулет.

Барлық жаңалықтар