Қоғамда көптен бері сөз болып жатқан "Тұрсынбектің тоқалы дуалап алған" деген сөзге қатысты Айман өз парақшасында жауап берді деп жазады Democrat.kz.
"Тұрсынбек бес баласын бекерге тастап кетпеді. Басын дуалап тастаған болар" деген сынды күмәнді сөздер көптеп айтылуда.
Осыған орай, тіпті бір оқырман Тұрсынбекке "Жетісайда кез келген дуаны шешетін бір тәжік бар. Соған барып қаралуға" кеңес берген екен.
Осы оқырманның кеңесіне қатысты Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман Тұрсекеңді байлап ұстап отырмағанын, кімнің кім екенін қазіргі күйеуі жақсы білетінін, тіпті кезінде айналасы да Тұрсынбекке "дуаланып қалғансың" дегенді айтқанын жасырмады.
Мұнан бөлек, Айман Алланы аузына алып, дуа ісімен айналыспағанын айтып, барынша ақталыпты. (Мақаланы ұрлап, көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)
