Қарағандыда екі отбасын бір қабір араздастырды. Бірі жерде өз анамыз жерленген десе, екіншісі ол жерге өз тәтемізді жерледік дейді. Дау сотқа дейін жеткен. Отбасылар жанжалға нүкте қою үшін эксгумация жүргізбек деп жазады Democrat.kz. Liter.kz -ке сілтеме жасап.
Айгүл Жәмилинова анасын бір жарым жыл бұрын жерлеген. Ескерткішті бірден қоя алмағандықтан, туыстарымен бірге қабір ауыл зиратының шетінде екенін есте сақтаған. Бірнеше қазық қағып, оларды таспамен қоршаған. Әйел өткен жазда зиратқа келгенде, ол жерде мүлде бөтен адамның қабірі тұрған. Айгүл анасы дәл осы жерде жерленгеніне сенімді. Оның сөзін жерлеу рәсімінде болған басқа туыстары да растайды. Дұрыстығын дәлелдеу үшін әйел сотқа жүгінген.
Ал екінші отбасы бұл жерге өз тәтесін жерледік деп отыр – Айгүлдің отбасындағы жерлеуден тура бір апта өткен соң.
Жерлеумен айналысатын қызметкерлер мұндай жағдаймен алғаш рет бетпе-бет келгендерін айтады. Сондай-ақ олар жаңа қабірді жаңа топырақтың үстінен қазбас едік деп сендіреді.
«Меніңше, клиенттердің бірі орынды шатастырып, қай жерге жерлегенін ұмытып қалған. Яғни менің міндетім – қабір қазу, болды. Өкінішке қарай, есеп жүргізілмейді, өйткені қызмет көрсететін әкімші жоқ», – деді кәсіпкер Амангелді Жүнісов.
Айгүл Жәмилинова енді эксгумацияны сот арқылы талап етіп отыр. Ал екінші отбасы қарсы емес.