"Екі министрліктің өзара үйлеспейтін талаптарының зардабын неге жас мұғалім тартуы керек?" деген білікті педагог сұрау салды

"Екі министрліктің өзара үйлеспейтін талаптарының зардабын неге жас мұғалім тартуы керек?" деген білікті педагог сұрау салды
Белсенді педагог, білікті ұстаз Өмір Шыныбекұлы Оқу ағарту министрінің "ОЗП тапсырмау" туралы жаңалығына қатысты өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.
 
Өмір Шыныбекұлы университетті кеше бітірген жас маманның мектепке жұмысқа тұру үшін арнайы тест тапсыруын дискриминация деп атады.
 
"4 жыл жоғары оқу орнында білім алып, мәселеңки маусым айында мемлекеттік сынақтар тапсырып, диплом қорғап өзінің педагог-маман екенін дәлелдеген азамат бірер күннен кейін жұмысқа тұрғалы мектепке барса алдында тағы сынақ күтіп тұр..
 
Яғни, тест тапсырып өзінің маман екенін тағы дәлелдеуі керек..
Өз басым мұны жас маманға жасалған дискриминация деп қабылдаймын..
 
Егер "бір терінің пұшпағын илеуі" тиіс ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі өз жұмыстарын ынтымақтасып үйлестіре алмаса, оның зардабын неге жас маман тартуы керек?" Дейді Өмір Шыныбекұлы. 
Барлық жаңалықтар